22.04.2024, 11:00
Оқылды: 14

Шыңғырлауда дәстүрге айналған жәрмеңке өтті

Шыңғырлау ауданында “Менің аулам - менің бағым” жобасы аясында жыл сайын сырттан кәсіпкерлерді шақырып, жәрмеңке ұйымдастыру дәстүрге айналған.

439169269_1851669971911429_1640317701321738272_n

Жеміс-жидек ағаштарының көшеттері, гүлдер, бақшаға қажетті тұқымдар сатылымға шығатын жәрмеңкені халық әр көктемде асыға күтеді. Биыл бұл жәрмеңке Орал қаласынан келген “Сұлтан” жеке кәсіпкерлігінің қатысуымен өтті. 12 жылдан бері көшет өсіруді отбасылық кәсіп ретінде дөңгелетіп келе жатқан кәсіпкерлік басшысы Амангелді Құлниязов ауданымызға биыл екінші рет келіп, шыңғырлаулықтарға ауа райына бейімделген көшеттерді  ұсынды.

439318800_1851669981911428_3566007041227292746_n

Өз аулаларын шағын бау-бақшаға айналдырғысы келетін тұрғындар саны жыл санап өсіп келеді.

Сондай-ақ екі күндік жәрмеңкеде аудан кәсіпкерлері табиғи сүт өнімдерін, балық өнімдерін, жаңа піскен жеміс-жидектерді ұсынды.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале