Шыңғырлау ауданы Ардақ ауылдық округінде дойбы ойынынан жарыс өтті. Эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жарыс тартысты болды.
Қазіргі таңда физикалық дайындықтан гөрі логика басым түсетін ойын түрі халық арасында қызығушылық тудырып отыр. Адамның ми жұмысына тікелей әсер етіп, логикалық ойлауын дамытатын спорт түрінен өткізілген шара қатысушылардың және ұйымдастырушылардың көңілінен шықты.
13 адам қатысқан тартысты дода нәтижесі бойынша топ жарып, алға шыққан Әсем Ғұмарова І орынды иеленді. Сымбат Лесова ІІ орынға жайғасса, Гүлназ Мұхамбетжанова ІІІ орынды қанжығасына байлады.
А.Аймырзақызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz