12.07.2024, 16:45
Оқылды: 259

Шыңғырлауда егін ору науқаны басталды

Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округіне қарасты «Жаңа Жер» шаруа қожалығының егістік алқабына комбайндар түсіп, күздік дәнді дақылдардың алғашқы өнімі қамбаға жөнелтілді.

Егін ЖП

Шаруалар үшін бұл кезең жауапты саналады. Басты мақсаторылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату болып тұр. Жалпы биыл қожалық егістіктеріне 1 400 гектар күздік дәнді дақылдар, 1 080 гектар жаздық дәнді дақылдар, 224 гектар майлы дақылдар егілген. Алғашқы өнім көлемі жаман емес. Шаруашылықтағы заманауи техника жұмысты айтарлықтай жеңілдетуде. «Дала кемесін» Төлеген Досқазиев, Тасболат Кушталов, Дарын Темірболатов, Серік Тулеушев және Әмір Тулеушов есімді тәжірибелі комбайнерлер басқаруда.

– Барлығын кабинада орнатылған компьютерден бақылап отырамыз. Комбайнның жай-күйі, бункердегі дәннің көлемі, ауа қысымы, бәрі де көз алдымызда. Бұл комбайндар дәнді еш шығынсыз жинайды, - дейді комбайнерлер. Дәнді дақыл бірден жүк көліктеріне жиналып, қамбаға жөнелтіледі.

Егін ЖП

Егістікте өрт қауіпсіздігіне де аса мән берілгенБиыл ауа райының қолайлы болуының, көктем мен жаз мезгілдерінде жауын-шашынның тиісті мөлшерде түсуінің және минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолданудың арқасында аталған шаруашылықта орақ науқаны табысты болады деп жоспарланып отыр.

Әсел Әлім  

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале