7.06.2024, 17:15
Оқылды: 64

Шыңғырлауда электр желісі жөнделіп жатыр

F69A190D-DEC4-4E14-B85C-5AA95442F67B

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Шыңғырлау ауданына 8 адамнан құралған, толық жабдықталған, электротехникалық қызмет ұсынатын мамандандырылған бригада келіп, «БҚО электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ Шыңғырлау ауданы бойынша филиалында күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Бұл – 8 жылда бір жасалатын жөндеу. Осы айдың 5-нен 21-не дейін аталмыш бригада қосалқы станциялардың барлығын қайта қарап, тазалау, майлау, сырлау шараларын атқарады.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале