30.12.2024, 17:00
Оқылды: 49

Шыңғырлауда еңбегі елеулі жандар мадақталды

Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев бірқатар марапат иелерін қабылдады.

471160665_2026534051091686_2141963792745910496_n

Атап айтсақ, аудандық «Серпін» газетінің тілшісі, талай жыл ауданға еңбегі сіңіп, 45 жыл абыройлы қызмет атқарып зейнетке шыққан Айсұлу Арыстанованы құттықтап, алғысхаты мен сый-сыяпатын табыс етті.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 41 жыл аудан игілігіне еңбек еткен Дина Ерболова мен 36 жыл табан аудармай Сегізсай негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарып жүрген Айгүл Жетмекова Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

акимат

Талай жылғы еңбектер еленіп, мерейлері үстем болған жандарға аудан әкімі алғысын білдіріп, мереке қарсаңында алған лайықты марапаттарымен құттықтады.

акимат1

– Сіздерге алғысымыз шексіз. Әрбіріңіздің еңбектеріңізді білеміз, бағалаймыз. Қай саланың да өз артықшылықтары, қиындықтары бар. Соның барлығында білім мен біліктілікті қатар ұстап, адал қызмет етіп келесіздер. Ерінбей еткен еңбектеріңіздің жемісін көріп жүре беріңіздер! - деп жиынды қорытындылады.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале