Шыңғырлау ауданында егін ору науқаны жоспарға сай әлі де жалғасуда. Кезек күттірмейтін науқанды ерте бастаған «Жарас», «Жаңа жер» шаруа қожалықтары бүгінгі күні күздік дақыл себілген алқаптың 100 пайызын орып, 7 мың 355 тонна өнім жинады.
«Арпа-бидайдың түсімі жақсы, дәні толық, диқандар үлкен ыждағаттылықпен жұмыс істеді», - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, сектор жетекшісі Нұрлан Садықов.
Айта кету жөн, сондай-ақ көктем айында 2584 гектарға жаздық дәнді дақылдар сепкен жер танаптарында бүгіндері егін орылуда. Әр гектардан шамамен 22 центнерден астық жиылуда. Күзгі далалық жұмыстардың үздіксіз жүргізілуі үшін биыл 608 тонна арзандатылған дизел отыны бөлінген. Оған қоса ораққа қажетті ауыл шаруашылық техникалары, астық қабылдайтын қоймаларда жеткілікті.
Айсұлу Муса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz