11.12.2019, 12:19
Оқылды: 13

Шыңғырлауда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті 

Шыңғырлау ауданында ұлағатты ұстаз, білікті бапкер, ҚР-ның білім беру ісінің  үздігі Қази Сырымов еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

 

qaratobe (3)

Ашық аудандық турнирге Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Орал қаласы БЖСМ, Орал қаласы жекпе-жек спорт мектебі, Бөрлі, Теректі және Шыңғырлау аудандары мен Алмаз, Ащысай, Ақбұлақ ауылдық округінің командалары қатысып, бақтарын сынады.

qaratobe (1)

Аудандық турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов спортшыларға сәттілік тілеп, келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Турнирге Қази Серғалиұлының ұлы мен қызы, шәкірттері, спорт ардагерлері, жастар арасында грек-рим күресінен Азия, Әлем чемпионы Артур Үмбетқалиев, жарыстың бас демеушісі Орынбасар Кушев, ардагерлер арасында грек-рим күресінен жеті дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Нариман Қайырманов қатысып, ізгі тілектерін жеткізді, естеліктерімен бөлісті.

Екі күнге созылған турнирде жүлделі орын алған спортшылар арнайы сыйлықтармен және медальдармен, түрлі аталымдармен марапатталды.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале