15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге Шыңғырлау ауданы орталығындағы «Интернационал-жауынгерлер» саябағында тағзым етіліп, ескерткіштері алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
10 жылға созылған сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Кейін Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде «Ауғанстан ақиқаты» атты салтанатты шара өткізілді. Мемлекеттік әнұранмен ашылған мерекелік шарада ауданымыздың құрметті ардагерлері қонақ болды.
Аудандық мәслихат төрағасы Сағидолла Тұрғалиев құттықтау сөз сөйлеп, «Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл» төсбелгісімен ауған соғысы ардагерлері Бахытжан Баймұқашев, Қабас Ақбалеев, Орынғали Қосаев, Ізбасар Мұхамбетьяров, Мұхтар Дәулетқалиев, Мұрат Дарбаев, Нариман Асқаров, Мәлік Даутовтарды марапаттады.
Гүлжазира Асу
Шыңғырлау ауданы