4.09.2018, 14:53
Оқылды: 213

Шыңғырлауда IT кабинет ашылды

Шыңғырлау ауданында орналасқан Л.Қылышев атындағы мектепте IT кабинет ашылды.

IMG_6732[1]

            Жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынды.  Бұл кабинет тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттардың білімін арттырып, шеберлігін шыңдау және түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндігін кеңейту – басты мақсат.

            Сыныпқа заманауи технология, 3D принтер, жоғары жылдамдықтағы интернет қосылып, қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Мұнда оқуды америкалық STEM әдісі бойынша оқып келген мамандар жүргізеді. Кабинет робототехника, 3D модельдеу, бағдарламалау бағыттарында жұмыс жасайтын болады. Оқу жылының барысында 200 балаға арналған факультативті сабақтар жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл жоба  оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

Әлия НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

Шыңғырлауауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале