Еліміздің барлық өңірінде Қайырымдылық айлығы деп жарияланғалы бері көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға деген ықылас, қамқорлық еселеніп жатыр.
Шыңғырлау ауданында да жоспарлы түрде жұмыс жүріп, осал топтар мен мүгедектігі бар жандарға мейлінше құрмет көрсетілді. Сонымен қатар олардың бойларындағы қабілеттері ескеріліп, шығармашылқтарын дамытуға да сеп болғаны рас. Мысалы Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектер қоғамының төрағасы Тілекші Киреев қолөнерге жақын жандарды жинап, көрме ұйымдастырды.
Қолдан тоқылған бұйымдар мен қолдан тігілген киімдер аудандық мәдениет үйінің кең залына қойылып, көрерменін тамсантты.