9.10.2024, 15:30
Оқылды: 135

Шыңғырлауда қарияға құрмет көрсетілді

Елімізде «Мейірбандық айлығы» өтіп жатқаны белгілі. Осы күндері жер-жерде еліміздің экономикасы мен әлеуметтік өркендеуіне өздерінің үлестерін қосқан, кейінгі ұрпаққа өмірлері өнеге қарттарды құрметтеу дәстүрі жалғасып жатыр.

Қарияны құрметтеді

Шыңғырлау аудандық мәслихат аппаратының ұжымы да осы айлық аясында жастық өмірін ауданымыздың гүлденуіне арнаған, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған тыл еңбеккері Сара Ашықбаеваға сәлем бере барды.

Кейуананы еліміздегі мерекемен құттықтап, алып келген сыйлықтарын табыс етіп, әңгіме-дүкен құрды. Сара Мустахимқызы келгендердің шынайы ықыластырына ризашылық сезімін білдіре отырып, өткен күнге шегініс жасады.

«Әкеміз Ұлы Отан соғысы майданынына кетті, ал біздерді, әпкелеріміз бен анамызды 1942 жылы Сталинград қаласынан Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылына эвакуациялады. Әкеміз Мустахим майданнан оралғаннан кейін, 1949 жылы Шыңғырлау ауылына коныс аударып, бәріміз білім алып, әр бір салада жұмыс жасадық.

Өзімнің саналы өмірімде ауырдан қашқан, ата-анамды ұятқа қалдырған кезім жоқ. Қай жерде жұмыс жасасам да адалдықтан аттамадым, балаларыма да сол өзім алған тәрбиені беріп, жақсылыққа үндедім. Біз көрген қиындықтар енді қайтып келмесін, еліміздегі бейбіт өмірдің бағасын білейік», - деп ағынан жарылды.

Гүлім Шынтас                                                                                                         Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале