«Дән» мәдениет үйінде 15 қараша — Ұлттық валюта күні және қаржы қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Шараға қатысқан Шыңғырлау ауданы басшысы Мұрат Өмірәлиев қаржы саласының барша мамандарын мерекемен құттықтап, аудан экономикасын дамытудағы еселі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Бұдан әрі сала үздіктері Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың және аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің алғысхаттарымен марапатталды.

Бұдан соң қаржыгерлерден құралған 5 команда арасында интеллектуалдық «Шын жүйрік» сайысы ұйымдастырылды.

Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы