Бүгін Шыңғырлау аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Азамат Тағаниязовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің отырысына аудан әкімінің орынбасары М.Нұртазиев, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау саласының басшылары, аудандық мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан алдын алу шаралары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының у.м.а Қ.Ниязова баяндады. Тиісті бөлім басшысы өрт қауіпсіздігі, су тасқынының алдын алу, қысқы кезеңдегі жұмыстар, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы дайындық, жылыту маусымы жөнінде ақпарат беріп, қауіпті аймақтарда бақылау күшейтілгенін атап өтті. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы болды. Бұл бағытта жол белгілерін жаңарту, жаяу жүргіншілер өткелдерін белгілеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы С.Астафьев хабарлама оқыды. Қоғамдық кеңес мүшелері жол қауіпсіздігіне қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Үшінші мәселе бойынша Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ-нің күрделі жөндеу жұмыстарының барысы талқыланды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Есенов жөндеу жұмыстарының аяқталып жатқанын, құрылыс сапасына ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар отырыста Ащысай, Ақбұлақ ауылдық округі әкімдері аппараттарының 2025 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтері туралы есебі тыңдалды. Есеп барысында мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі, тұрғындардан түскен өтініштердің орындалу барысы баяндалды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Қоғамдық кеңес өз жұмысын жалғастырып, ашықтық пен тиімділікті арттыру бағытында белсенді іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді.
Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы