Аудандық Мәдениет үйінде орналасқан №422 референдум учаскесіне дауыс берушілердің келуі жалғасуда. Олардың қатарында, әсіресе, көше тұрғындарының ұйымшылдықпен келуі ерекше қуантты. Олар көршілер болып белсенділік танытып, азаматтық борышын орындауға ниет білдіруде.

-Мен осы елде туып-өскендіктен, осындай саяси науқанға қатысу — үлкен жауапкершілік. Елдегі референдум — біздің болашағымызды айқындайтын маңызды құжат, сондықтан әрқайсымыздың қатысуымыз маңызды,- дейді С.Есқалиев көшесінің тұрғыны Ирина Голощапова.
Учаскеде дауыс беру процесі толық заңдылықпен ұйымдастырылған. Комиссия мүшелері дауыс берушілерге барлық қажетті жағдайды жасап, дауыс беру тәртібін түсіндіріп қызмет көрсетуде.
Дауыс берушілер белсенді қатысуы — елдің демократиялық дамуына қосылған нақты үлес болып есептеледі.
Светлана Ешматқызы,
Шыңғырлау ауданы