6.07.2025, 16:00
Оқылды: 367

Шыңғырлауда қос ауылда жаңа ветпункт ғимараттары пайдалануға берілді

Ауыл ел тірегі. Даласын дәнге, белесін малға толтырған ауылдардың тіршілік көзі де, мемлекетке берер өнімі де төрт түлікке тікелей байланысты.

image-06-07-25-01-31
Шыңғырлау ауданының Ақтау ауылдық округі 5700 ірі қара, 5000 ұсақ мал ұстап отырған ауыл. Тұрғындарды төрт түлігінің саулығы, мал ауруларының алдын алу, жалпы округтің өз алдына малдәрігерлік пунктінің қажетті алаңдататын. Міне, аудан бюджетінен бөлінген қаражат есебінен, жеке кәсіпкер Ержан Рамазанов Ақтау және Ардақ ауылдарына жаңа ветпункт ғимараттарын салып берді.

image-06-07-25-01-31-10
Заманауи үлгіде салынған нысанның биопрепараттар мен дәрі-дәрмек сақтау камераларымен қамтылған арнайы бөлме, ветқызметкер бөлмесі, емшара жүргізу жағдайына қажетті жуу орыны, компьютерлік бөлмелері бар. Интернетке қосылған, яғни, төрт түлік малды тіркеу, есепке алу немесе шығару, анықтамалар беру мәселелері осы жерден шешіледі. Жаңа нысанның материалдық техникалық қамтылуын облыстық Ветеринария басқармасы қолға алған. Дәл осындай нысан іргелес Ардақ ауылында да қолданысқа берілді. Бұл шаралар Мемлекет басшысының ветеринария саласының жұмысын жақсарту, саланың жұмыс жағдайын жетілдіру туралы тапсырмасы аясындағы орындалып отырған жұмыстар.

image-06-07-25-01-31-7
Екі ауылдағы нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев тұрғындарды Астана қаласы күні мерекесімен құттықтап, ауданымыз даму бағыты ауылшаруашылығы саласы болғандықтан бұл насандардың маңызы өте үлкен екенін атап өтті. Сондай-ақ, осы саланың мамандары-малдәрігерлеріне жұмыс жағдайын жасап беру мемлекет міндеті, мүддесі екенін айтып өтті. Жаңа нысан ел қажетіне жарай берсін деген аудан басшынан кейін, сөз алған облыстық Ветеринария басқармасы басшысы Абзал Серікұлы, шынында да тіршілігі тікелей малмен байланысты ауылдарға мұндай зманауи және жабдықталған нысанның ауадай қажеттілігі, биылғы жылға аудан аумаған жалпы 5 осындай нысан салынатынын айтты. Сондай- ақ мал қорымдарын салу жоспарланған және ветнысандарға жаңа көліктер де берілмек.
Жалпы, облыс көлемінде 30 ветпункт, 30 жаңа мал қорымдары салынып 100-жуық автокөліктер берілмекші екен.

image-06-07-25-01-31-1
Ауыл тұрғындары үшін аса қажет нысанның лентасын ауыл қариясы Кенжетай Ниязбеков пен облыстық мәслихат депутаты, ауылдың белсенді азаматы Тыныштық Иманғалиев кесіп, көпшілік жаңа нысанды аралап, танысты.
Ардақ ауылында жаңа нысанның лентасын ауыл қариялары Әділбек Досиев пен Руслан Төлеганов кесті.
Атап өтсек, Ардақ ауылы 4628 ірі қара, 5425- ұсақ мүйізді мал, 1445-жылқы және 21 түйе түлігін өсіріп отырған ауыл.
Екі нысанның да жанында өндірістік қажеттілікке есептелген, көлемі (80ш/м) шағын мал қамау орындары салынған.

Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале