Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Шыңғырлау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық комиссиясының қорытындысы негізінде Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 31 қазандағы №109 шешімімен Шыңғырлау ауылындағы жаңа көшеге «Астана» көшесінің атауы берілді.
Сонымен қатар 2020 жылғы 17 наурыздағы №22 шешімімен Шыңғырлау ауылындағы кейбір көшелерге қайта атау берілді.
Атап айтсақ, 2 тұйық «Сырым Датұлы» көшесіне – «Бауыржан Момышұлы» көшесі, 1 тұйық «Қуантаев» көшесіне – «Алтын Орда» көшесі, «Ғ.Мұратбаев» көшесінің батыс жағына – «Асанқайғы жырау» көшесі, 1 тұйық «А. Құнанбаев» көшесіне – «Жайық» көшесі, 2 тұйық «Дмитрий Бесчасов» көшесіне – «Шоқайтерек» көшесі атауы берілді.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы кейбір көшелеріне атаулар беру туралы 2023 жылғы 27 ақпандағы № 12 шешімімен №3 көшеге –Сарқырама атауы берілген болатын.
Осыған байланысты атауы жаңарған көшелерге және тақтайшалары ескірген бірнеше көшенің тақтайшалары жаңартылып ілінді.
Бұл жұмысты мемлекеттік сатып алу порталының қорытындысына сай мердігер болып танылған «Logistics logger» ЖШС-і жүргізді.
Айгүлім Қазманова
Шыңғырлау ауданы