22.08.2025, 23:00
Оқылды: 335

Шыңғырлауда мал азығын жинау жалғасуда

Биылғы жылдың да жиын-терімі аяқталуға таяу қалды. Аз ғана уақыттан соң алға қойған межелерді саралайтын да уақыт жетпек.

мал азығы

Негізі, Шыңғырлау ауданы бойынша 2025-2026 ж.ж. мал қыстағына 130,2 мың тонна шөп дайындалуы жоспарланған болатын. Бұған қоса былтырғы қалған шөптің қорда қалған 10 017 тоннасын да ойда ұстаған дұрыс.
21 тамыз күнгі ауылдық округ әкімдерінің мәліметтері негізінде, округтерде өткен жылдың қалған шөппен қосқанда 123 мың 973 тонна мал азығы дайындалды, жоспардың орындалуы – 95,2%, орташа өнімділігі 4,1 ц/га.
1547 мал ұстайтын аулаға мал қыстағына 45 542 тонна шөп қажет екендігін ескерсек, бүгінгі таңда 1547 мал ұстайтын аулаға 41 мың 353 тонна шөп қоры жасақталған, бұл пайызға шаққанда 90,8-ды құрап отыр.
Мал азығын дайындауға 370 трактор, 181 маялағыш, 165 шөп жинағыш және 285 орақ, тырма жұмылдырылды. Биыл мал азығын дайындауға аудан бойынша 180 астам шаруа құрылымдары мен жеке тұлғалар қатысуда.
Ауыл тұрғындарына сатылатын 1 рулон шөптің бағасы 3400, 3500-4000 теңгеден Ақтау, Ақшат және Қарағашта, ал 4000-4500 теңгеден Ақбұлақ, Алмаз, Ардақ, Ащысай ауылдық окургтерінде, 4000-6000 теңгеден Шыңғырлау ауылдық округінде жеткізілуде. Аудан бойынша бір рулон шөптің орташа бағасы 3810-4245 теңгені құрап отыр.
Ауа-райының ыңғайлылығы мал азығын жинап жатқан даладағы шаруаларға әлі де мол мүмкіндік беруде.

Гүлім Шынтас
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале