Көк бой ала бастасымен жұртшылықты ойландыратын бір мәселе ол - жазғы жайылымға мал басын шығару, бақташы сайлау. Жыл сайын осы өзекті жәйт оңтайлы шешімін табылуы үшін тұрғындармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір-ұсыныстарын тыңдаған дұрыс-ақ.
Осы үрдіспен Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Саида Бркенова аудандағы көшелер тұрғындарымен кездесуді бастады. Алдымен ол аудан орталығындағы үш бағытта бағылатын мал бағылымын ұйымдастыру мақсатында астық қабылдау пункті және казарма аумағындағы тұрғындармен кездесу өткізді.
Ірі қара малын бағатын бақташы шығару, мал бағасын белгілеу, ауыл тазалығы т.б. мәселелер басты тақырып ретінде көтеріліп, мал бақташының жауапкершілігі, тұрғындардың да мал арасында кездесетін ауруларға қарсы өз иелігіндегі ірі қара мен жандықтарды уақытымен алдын алу шараларынан тыс қалдырмау туралы да айтылды.
Көшелердегі басқосуда ірі қара малын бағуға бақташы Ержан Ақбатишев бекітіліп, мал бағасы 2000 теңге болып келісілді. Айта кететін жайт, аталмыш аумақтың мал бағымын ұйымдастырып, бақташымен келісімге келіп отырған “Казарма” АШӨК-і (төрағасы Ерлан Умидьяров) күту малына асыл тұқымды бұқалар қосылмағын және биылғы міндетті талаптардың бірі - күтуге қосылатын малды АШӨК есебіне тіркеу екендігін де жеткізді.
Сонымен бірге, аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Иван Кива тұрғындарға малды күтімнен уақытылы күтіп алу, қараусыз қалдырмауды ескертіп өтті.
Саида Жұмайқызы сонымен қатар тұрғындарға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалыққа мән беру, қыстан қалған мал қиын уақытылы шығару, үйлерінің айналасын таза ұстау туралы да айтып өтті.
Қаршыға Асу
Шыңғырлау ауданы