16.02.2024, 13:00
Оқылды: 270

Шыңғырлауда мемлекеттік қызметкерлер сенбілікке шықты

Өңірімізде ауа райының қолайсыздығы халықты әбігерге түсіргені рас. Шыңғырлау ауданында бораннан кейін қар басқан жерлерді түгел тазартуға мүмкіндік берместен ауа-райы тағы күрт нашарлады.

WhatsApp Image 2024-02-16 at 10.21.43

Жаңбыр жауып, артынан аяздатып, айналаны көктайғақ қылды. Қар еріп, қайта қатқан соң ауыр, әрі беті мұздақ болды. Көшелердің жолдарын техникалар тазартып шықты, алайда олардың мүмкіндігі жетпейтін жерлер де бар. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолының тайғақтығы адамдарға қатынауда қиындық туғызды.

WhatsApp Image 2024-02-16 at 10.21.41 (3)

WhatsApp Image 2024-02-16 at 10.21.44 (1)

WhatsApp Image 2024-02-16 at 10.21.40

WhatsApp Image 2024-02-16 at 10.21.39

Осыған байланысты ауданымызда жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазартып, тұз себу үшін аудандағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері сенбілікке шықты. Әр мекеме өздеріне бекітілген жерлердің қарын аршып, тұрғындар көп жүретін жолдарға тұз сеуіп шықты. Және аудан бойынша жеке кәсіпкерлер өз нысандары аумағында қар аршу жұмыстарын жүргізді.

"Үлкенге құрмет" науқаны аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың еріктілері жалғызбасты әжелердің үйлеріне барып, ауласының қарын тазалап берді.

427924145_1099299251197081_6040257076677220084_n

8d9cc04f-6b43-4b2f-9248-4dadc52c0caa

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

Фото автордан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале