23.04.2022, 15:40
Оқылды: 47

Шыңғырлауда «Менің аулам - менің бағым» жобасы іске асуда 

Шыңғырлаулықтар жыл сайын жол бойына, саябақтарға, әрбір тұрғын үйінің айналасына ағаш егуді жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Оған қоса жеміс ағаштарына деген сұраныс та көбейді. Әсіресе шие, өріктер жыл өткен сайын әр ауладан орын теуіп, тұрғындар одан мол өнім алуға қол жеткізуде.

IMG-20220423-WA0085

Осы орайда, бүгін тұрғындарды сапалы түрлі ағаш өсінділерімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында «Менің аулам - менің бағым» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған барлық ауылдық округтер мен аудан орталығы тұрғындары көптеп қатысты. Жәрмеңкеде шыңғырлаулықтар мен қонақтарға шие, алма, алмұрт, өрік, тағы да басқалай ағаштар қолжетімді бағамен ұсынылды. Аталмыш жәрмеңкеге Орал мен Ақсай қаласынан «Динара» және «Сүйіндіков» жеке кәсіпкерлерінің сатуға әкелінген өнімдері де үлкен сұранысқа ие болды. Ал шыңғырлаулықтардың ішінде өз бақшасына егіп, одан ауысқан өскіндерін сатылымға шығарам деушілер де бұл жолы қалталарына қаражат салып немесе оны жеміс ағаштарына ауыстырып, шаруаларын бірлеп үйлеріне қайтты.

IMG-20220423-WA0074

Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл жәрмеңкенің мақсаты - аймақ бойынша өтіп жатқан «Менің аулам - менің бағым» жобасына үн қосу, сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін игілікті бастама көтеру болатын. Жобаға өз үлестерін қосуға келгендердің бірі - аудан әкімінің орынбасары, аудандық маслихат депуттары, мекеме, бөлім басшылары орталық саябақта жеміс ағаштарын отырғызып, бұл күні де өңіріміздің жасылдандандыруға қолдау көрсетті.

IMG-20220423-WA0084

«Ауылды абаттандырып, көркейту үшін оған әрбір тұрғын белсене атсалысуы қажет. Себебі тұрғылықты жерің әрбір адамның мерейі, абыройы болып саналады. Әдемі ауыл-аймақ баршамыздың мақтанышымыз, тал егіп, гүл егіп, оған қоса жеміс ағаштарын ексек, нұр үстіне нұр! Сондықтан да аудан бойынша ағаш егуге баршамыз да атсалысумыз қажет. Міне, бүгіннің өзінде 2000 түптен аса түрлі ағаш көшеттерін халық сатып алды.

IMG-20220423-WA0086

Алысымен аулаларына апарып екпек. Әсіресе алма ағашы 1000 теңгеден, раушан гүлдерінің өскіндерін 800 теңгеден сатып алушылар көп болды»,- дейді аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.Еслямов.

Айсұлу Мұса,

Шыңғырлау ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале