Шыңғырлау аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Батыс Қазақстан облысы аудандарының спорт клуб қызметкерлері арасында ашық аудандық спартакиада өтті.
Аталмыш спартакиада 2022 жылдан бастау алып, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
10 ауданнан келген командалардың басын қосқан спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Еңбек жолын спортпен байланыстырған спорт клуб қызметкерлерінің өзара додасы тартысты өте тартысты өтті. Өз істерінің хас шеберлері арқан тартыс, асық ату, стритбол, волейбол спорт түрлерінен бақ сынасып, тамаша ойындар көрсетті. Екі күнге жалғасқан спартакиаданың көрермені де көп болды.
Бірінен бірі асқан білікті спортшылардың арасынан үздігі анықталып, жеңіске жеткен командаларға диплом, медаль, кубоктар табысталды.
Шыңғырлау төрінде өткен облыстық спартакиадада Қаратөбе спорт клубы командасы ІІІ, Шыңғырлау спорт клубы командасы ІІ, Сырым ауданының «Айбын» спорт клубының командасы І орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Марапаттарды аудан әкімі табыстап, жарыс өз мәресіне жетті.
Әсел Әлім
Шыңғырлау ауданы