Шыңғырлау ауданы Ащысай мектеп-бөбекжай кешенінде дәстүрге айналған далалық оқу-жаттығу жиынының басталуына орай білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов жас сарбаздармен кездесті.
Оқу-жаттығу жиынының жастарға берер тағылымы мол. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, ел үшін аянбай қызмет етуге баулиды. Әскери есепке тұру кітапшасын алу ̶ Отан алдындағы әскери борыштың алғашқы баспалдағы.
Бұл жиын Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 10-бабы 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери дайындықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жастарды әскери іске тәрбиелеу үрдісін жандандыру, дене бітімін жетілдіру қажеттілігі мен қызығушылығын қалыптастыру, әскери дағдыларды үйрету мақсатында Ащысай мектеп-балабақша бөбекжай кешенінде өтіп жатыр.
Биылғы далалық оқу-жаттығуға алты мектеп пен бір колледж білім алушылары қамтылып отыр. Аталған шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы жиынға қатысып, мықтылығын көрсеткен барлық оқушыға және олардың ата-аналарына алғысхат табысталатынын атап өтті.
Назым Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz