14.03.2024, 23:04
Оқылды: 54

Шыңғырлауда өткен жиында маңызды мәселелер талқыланды

Шыңғырлауда аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері мен күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша баяндамасымен таныстырған бөлім басшылары, бас мамандары қатысты.

WhatsApp Image 2024-03-14 at 17.12.47

Шыңғырлау ауданында 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Шыңғырлау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан аумағында көктемгі су тасқынының алдын-алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан наразылық туындатып жатырған бұралқы иттерді аулау мәселесі туралы аудандық ветеринариялық станциясы, жалдамалы автокөліктер (такси қызметі) жол ақысы және жүру регламенті туралы Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшылары және мамандары баяндамаларын ұсынды. Көтерілген мәселелерге ұсынылған шешімдер дауысқа салынып, қорытындылар шығарылды.

WhatsApp Image 2024-03-14 at 17.12.52

Аудан аумағында бос жүретін бұралқы иттердің санының көптігі тұрғындардың наразылығын тудырып жүргені белгілі. Осы тұста бірқатар тұрғын жиынға қатысып, өз шағымдарын айтты. Аудандық ветеринариялық станциясы директоры Досқанат Сағынбай осы мәселе бойынша жасалып жатқан жұмыстар мен шешілу жодарын атап өтті. Кеңес мүшелері тарапынан мекеме ғана емес, бұл тақырып төңірегінде халық болып жұмыстану керектігі айтылды. Заң бойынша атқарылған шараларға көңілі толмайтын тұрғындардың ұсыныс, пікірлері тыңдалып назарға алынды. Жауапты мекемемен бірге тұрғындар да бірлесіп қаңғыбас иттердің көшелерде жүруінің алдын алу бойынша шаралар жүргізу жоспарға алынды.

WhatsApp Image 2024-03-14 at 17.12.54

Такси жүргізушілері де жиында болып, өз мәселелерін көтерді. Тұрғындардың айтуы бойынша кейбір жүргізушілер қызмет құнын көтеріп ұсынады екен, кейбіреуі әлі күнге дейін тіркелмеген дейді. Мемлекеттік кірістер басқармасының Шыңғырлау ауданы бойынша бөлімінің маманы Әсет Трумов осы тақырып бойынша жүргізушілердің барлығы тіркелгендігі, тіркелмеген жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын айтып, ауданымызда жүргізілген жұмыстардың есебін берді.

Кеңес мүшелері көтерілген мәселелердің барлығы қаралып, шешімі шығарылатынын айтты.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале