Бүгін Шыңғырлау аудандық кітапханасының оқу залында «Парасат жолы» жобасының ашылу салтанаты өтті. Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Парасат жолы» филиалдары өңіріміздің кітапханалары базасында жаппай ашылған болатын.
Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Сағынгереев «Парасат жолы» жобасының мақсатына тоқталса, «Парасат жолы» филиалының жетекшісі С.Жұмағұлов аудан көлемінде жоспарланған шаралар туралы баяндады.
Ал аудандық мұражай директоры Т.Қалиев парасаттылық идеологиясын насихаттауда ең алдымен елге сыйлы тұлғаларды дәріптеу, ақын-жазушылардың туындылары арқылы адамгершілікке үндеу қажет деген ойымен бөліссе, аудандық білім беру бөлімінің маманы С.Байболат та осы бағыттағы өз ойын ортаға салды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz