Бүгін Шыңғырлау ауданында жалпыхалықтық республикалық референдумға дауыс беру таңсәріден басталып кетті.
Аудан орталығындағы және ауылдық округтер, елді-мекендердегі барлық референдум уческелері уақтылы ашылып, тұрақты және тасымалданатын жәшіктердің тұтастығы, комиссия мүшелеріне референдум бюллетеньдерінің жеткілікті қойылуы тексерілді.
Алдымен ел Әнұраны орындалып, жауапты комиссия мүшелері жарияланды. Жергілікті тұрғындар сағат 7:00-ден дауыс беруді бастап кетті. Учаскелер жұмыстары заң нормаларында белгіленген тәртіпке сәйкес жүріп жатыр.
Ең ерте келіп дауыс беруді бастап берген тұрғындарға референдум комиссиялары тарапынан сыйлықтар да беріліп жатыр.
Жалпы Шыңғырлау ауданы бойынша 1 аудандық аумақтық, 19 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс жасайды. Аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамында 7 мүше бар. Учаскелік референдум комиссияларының құрамында 95 мүше бар.
Комиссия құрамы Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген лауазымдық талаптарға сай жасақталған.
Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы