3.10.2024, 9:00
Оқылды: 151

Шыңғырлауда референдумға дайындық жалғасып жатыр

Шыңғырлау аудандық аумақтық референдум комиссиясы арқылы 6 қазанға жоспарланған республикалық референдумды даярлау мен әзірлеу жұмысы жалғасын тауып, жандана түсуде. Ауданда аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен кезекті учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін оқыту шарасы, аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы және аумақтық референдум комиссиясы тарапынан қабылданған шешімдер мен жергілікті атқарушы органдар, мекеме, ұйымдарға берілген тапсырмалардың орындалуын талдау жөнінде отырыстар өткізілді.

494286A3-D19E-4122-846C-2BA8C5A910D8

Учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін оқытуда №417, 418, 419, 422, 423, 424, 425, 426 учаскелік референдум комиссиясының 40 мүшесі қамтылды. Аталған шараға БҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Магрипа Нигишева қатысты. 

Оқу әдістемелік кеңестің алғашқы бөлімінде БҚО АРК мүшесі Магрипа Нигишева референдум заңына енгізілген өзгерістер мен алдағы республикалық референдумға байланысты республика, облыс бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталса, аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев саяси науқанға орай ауданда іске асырылып отырған мәселелерге тоқталды.

2C243811-C559-418A-902B-BA697F0D4000

Аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Өмірбек Бекениязов дауыс беру күнгі учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің таңғы 06:00-ден кешкі 20:00-ге дейінгі іс-қимыл алгоритімімен мұқият таныстырып, референдум күні аталған шаралар барысында заң талаптарының қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті.

Ақпараттар легі аяқталған соң, учаскелік референдум комиссия мүшелеріне сайлау күні учаскесінде орын алуы мүмкін ситуациялық жағдайлардан түрлі тапсырмалар беріліп, аталған тапсырманы әр референдум комиссия мүшелері өзара талдап, ситуациялық жағдайларда заң талаптарына сай қандай іс-әрекет ету қажеттігін қарастырды. Келесі тапсырма учаскелік референдум комиссия мүшелерінің сайлау жөніндегі заңнама бойынша білімдерін арттыру мақсатын көздеп, арнайы берілген тапсырмаларға жауап беруге арналды. Ең қызықты және қажетті тапсырма ретінде учаскелік референдум комиссиясының референдум күні атқарылатын міндеттеріне байланысты болды. Бұл ретте арнайы белгіленген залда дауыс беру кабиналары орнатылып, комиссия мүшелерінің жұмысына арналған үстелдер қойылып, байқаушылар отырды.

Осылайша референдум комиссияларының міндеттері талқыланып, болуы мүмкін жағдайлар көрсетіліп, оны заң жүзінде шешу жолдары қарастырылды. Рөлдік ойындар аяқталғаннан кейін, барлық референдум комиссиясы мүшелері тест сынағынан өткізілді.

2ECB2E3B-B92C-4862-9836-AB5C32C0AED5

Жұмыс күнінің екінші жартысы, БҚО АРК мүшесі Магрипа Нигишева мен аудан прокуроры Серік Орынғалиевтің қатысуымен, аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысымен жалғасты. Отырыс аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиевтің төрағалығымен өткізіліп, аталған отырысқа аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық ЖҚӘБ бөлімдерінің басшылары, АРК мүшелері мен УРК төрағалары, БАҚ өкілдері шақырылды.  

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Өмірбек Бекениязов учаскелік референдум комиссияларының дайындығы туралы хабарлама жасады. Аудандық ІІБ басшысы Сергей Астафьев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар тұрғысында ақпарат бере келе, референдум күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қажетті қызметкерлер бекітілгендігі, іс-қимыл алгоритмі пысықталғандығы жөнінде және аумақтық референдум комиссиясымен бюллетеньдерді жеткізуге арнайы техника мен қызметкерлер бекітілгендігі жөнінде, жалпы референдум күніне дайын екендігі туралы баяндады.

Аудандық ЖҚӘББ басшысы Төлеген Ишекенов аудан көлемінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету басты назарда екендігін баяндай келе, ерекше қажеттілігі бар 38 адам бар, оларға референдум күні бір инватакси, екі сурдоаудармашы қызмет көрсетеді және оларға әлеуметтік қызметкерлер бекітілді, жағдай бөлім арқылы бақылауға алынды деп баяндады.

709D2752-573F-4988-825B-AB8B423AAE25

Баяндамалар аяқталған соң сөз алған аудан прокуроры Серік Орынғалиев референдумды даярлау мен әзірлеу, өткізу барысында заң талаптарын қатаң сақтап, референдум заңының талаптарын бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін айтып өтті. Бұл жұмыстар барысында аудандық прокуратура тарапынан құқықтық қолдаулар көрсетілетіндігі, қандай да болмасын жағдай туындаған жағдайда жедел қимылдап, уақытылы хабарлау қажеттілігі туралы айтып өтті.

Кеңес отырысын БҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Магрипа Нигишева қорытындылап, жиынға қатысушыларды референдум заңына енгізілген өзгерістермен хабардар етіп, аумақтық референдум комиссиясына әдістемелік-практикалық оқыту семинарын учаскелік комиссияларға тұрақты және үздіксіз негізде өткізуді тапсырды. 

Сабыржан Шорабаев

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале