Бүгін Шыңғырлау ауданында КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Аталған жарысқа Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және облысымыздың барлық дерлік аудандарынан келген 18 командадан құралған 140 жас спортшы шаршы алаңда сайысқа түседі.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова турнирдің ашылу салтанатымен құттықтап, былғары қолғап иелеріне сәттілік тіледі. Еділ Ишекеновтың әкесі Хамидолла Сағидоллаұлына БҚО Бокс федерациясының өкілі Артур Музаканов алғыс хат табыс етті.
Төрт күнге ұласатын додада сайыскерлерге сәттілік тілейміз.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz