Шыңғырлау ауданында тазалық сақтау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жуырда Шыңғырлау ауылдық округінің ұйымдастыруымен кезекті сенбілік өтті.
Округке қарасты Ұрысай, Қызылкөл, Шоқтыбай елді мекендерінің тұрғындары да сенбілікке атсалысты. Аудан орталығындағы мекеме-ұйымдардың қызметкерлері де бір кісідей сенбілікке шығып, ауыл іші мен сыртын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Қураған-сынған ағаш бұтақтары, көше бойындағы қағаз-қалбырлар да тасада қалмады. Ағаш түптері де әктеліп, көшелерге ерекше рең беріп қалды.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы