28.08.2025, 16:15
Оқылды: 494

 Шыңғырлауда Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған ән кеші өтті  

«Ән тербеп жүрегімді...» тақырыбымен жүргізілген әдемі кештің ажарын жергілікті әнші-өнерпаз қыз-жігіттердің, көпшілік арасынан шыққан аға буын көрермендердің орындауындағы «Әнім сен едің», «Қайдасың», «Арыс жағасында», «Дүнген қызы», «Ақ бантик», «Қуаныш вальсі», «Қайықта», «Сыған серенадасы», «Тамды аруы», «Қара көз», «Бақыт құшағында» әндері толқындай тербеді.

image-28-08-25-03-43-5

Иә, ел аузында «Вальс королі» деген аты қалған әнші өз ғұмырында 300- ге жуық ән жазған екен. Солардың барлығы дерлік халық аузында, бүгінгі күнге дейін той-думанның өрнегі боп келеді. Оның әндерін жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқап жүр. Иә, Шәмші халқының шынайы ықыласына бөленген сазгер. Оның әндері халқымен бірге жасауда. Ел Шәмшінің әнімен есейді. Шәмшінің әні махаббатты жырлады, сезімдерді оятты, көңілдерді толқытты.

image-28-08-25-03-43-2

Ән піріне арналған сағыныш саздары да аз емес екен. Жылдар белесінде талай әнші-сазгерлер ұлы композиторға әндерін арнапты. Сазды демалыс сәтінде сол әндердің бірі - Қалдыбек Құрманәлінің «Ән аға» әні шырқалды.

image-28-08-25-03-43-7

Шәмші әндері ұлт руханиятының мұрасы, ешқашан мәнін, қажеттілігін жоймаймайтын ерекше құндылықтар қатарында. Мұны кеш барысында әндерге қосыла шырқап, жұптасып биге шыққан көптеген көрермендердің толқыныс толы жүздерінен аңғардық.

 

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

image-28-08-25-03-43-4 image-28-08-25-03-43-1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале