23.08.2025, 11:00
Оқылды: 248

Шыңғырлауда Шәмшіні еске алу кеші өтті

Шыңғырлау ауылындағы «Дән» мәдениет үйіндегі заманауи үлгідегі кітапхананың ұйымдастыруымен «Қазақ вальсінің королі» атты әдемі шара жүзеге асырылды. Шәмшіні еске алу кешіне ауыл ақсақалдары, әжелері, өнерге құштар жандар шақырылды.

Изображение WhatsApp 2025-08-21 в 13.20.20_84a171b0
Кешті кітапхана меңгерушісі Жанар Ба
қтығалиқызы ашып, даңқты композитор өміріне шолу жасады. Сазгер туралы мағыналы бейнебаян көрсетіліп,шығармашылығынан шолу жасалынды. Халықтың қалаулысы болып, жүрек төрінен орын алған жанның әндеріне кезек келгенде көпшілік қуанышты сезімде болғаны көрініп-ақ тұрды. Сазгердің жазған 300-ден аса әндері бірінен соң бірі Қыз Жібектің сәнді көшіндей әсем қалпымен шалқи берді, қалқи берді. "Ана туралы жыр", "Қайықта","Арыс жағасында", "Кешікпей келем деп ең","Ақ бантик"... Сазына сөзі сай, мағыналы да сезімге бай әуендер көпшіліктің орындауында кітап сарайының шырайын келтіріп, мәртебесін асқақтатып жіберді.

Изображение WhatsApp 2025-08-21 в 13.21.10_0a4fdf2f

Аталық, Ғазез, Қабдолла, Тілекші секілді ағаларға сырнайдай сазды үндері кең қосылған апа-жеңгелер дауысы керемет әсерлі де, әдемі естілді. Кешке өнерпаз жандар Аман Сұлтанғалиев пен Ләззат Қасимованың келіп қосылуы нұр үстіне нұр құйғандай болып, әсем үйлесе кетті. Кітапханашы қыздардың жайған дастарқаны басында қонақтар ақ тілектерін айтып, Шәмші халқында, ән жайында ойларын ортаға салды. Кеш үлкендердің жастық шақтарын естеріне түсіріп, сағым жылдар сағынышына жетелегендей жылы әсер сыйлады.

Изображение WhatsApp 2025-08-21 в 13.18.52_bebed301

Әнін жақсы көретін халқы бар да, Шәмші аты жасай береді. Шәмшідей ғажайып ұлы барда, қазақ халқының мәртебесі асқақтап береді хақ.

                                                                                                                       Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале