14.09.2024, 9:00
Оқылды: 33

Шыңғырлауда штаб жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Биыл 6 қазанда Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясының салынатынын шешетін референдум өтетіндігі баршаға мәлім. АЭС-тың салынуы елдегі электр энергиясының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

E82B7D7D-34C4-4635-8019-14E0802F2F70

Дамыған елдерде аталмыш станциялар жұмыс жасап келеді. Біздің елімізде де осындай жаңа бастама қолға алынып, халықтық дауысқа салынбақшы. Осы орайда халық арасында қалыптасқан қате түсінікті жою, осы құрылыстың мемлекет дамуына тигізетін пайдасын көрсету мақсатында Шыңғырлау ауданы бойынша арнайы құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді жүргізіп жатыр.

Әр жиында халықтық штабтың мүшелері атом электр станциясының құрылысы Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар серпінді жоба екенін түсіндіріп өтуде.

Штаб мүшесі Сабыр Сәмиев:

«Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етеді, заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайтады. Айта кетейік, электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді», - деп маңызды мәліметтерді халыққа жеткізді.

Өз кезегінде әр жиында қатысушылар АЭС-тың құрылысының Қазақстан дамуына қажеттілігіне тоқталып, өз пікірлерін білдіріп, сауалдарына жауап ала алды.

Әсел Әлім 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале