Кеше спорт күніне орай Шыңғырлау ауданының орталығында барлық мекеме, ұжымдарда қызмет ететін мамандар мен жастар дене жаттығуларын жасады.
«Салауатты өмірді ұстанатын және спорт сүйер тұрғындардың да басын қосқан бұл күннен және физикалық жаттығулардан үлкен әсер алдық. Бәрі де адам денсаулығына пайдалы, жанымызды жадыратты»-дейді жаппай физикалық жаттығуға қатысушылар.
Бұл шара барлық ауылдық округтерде де спорт күніне орай ұйымдастырылған болатын.
А.Мұса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz