27.12.2019, 15:01
Оқылды: 4

Шыңғырлауда спортшылар балы өтті

Шыңғырлау ауданы орталығында «Спортшылар балы - 2019» шарасы өтті.

IMG_3536

 Бұл кеште спортшылар үшін жыл қорытындыланды. Биыл екінші рет ұйымдастырылған кешке халықаралық, республикалық, жалпы түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары, спорт ардагерлері, спорт жанкүйерлері мен қолдаушы жандар, жастар қатысты.

Аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов ел мақтанышына айналған жерлес спортшылар мен спорт бағытында қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіріп, жыл бойына спорт саласында жетістіктерге жеткен спортшыларды алғыс хаттармен марапаттады.    Аудан бойынша қыздар арасында қазақ күресінен алғашқы спорт шебері атағына ие болған Әйгерім Тілемгенова, самбо күресінен «Спорт шеберлері» арасында ҚР бойынша төрт дүркін жеңімпазы Қайсар Құсайынов, жас та болса толағай табысқа жете білген Абзал Наурызбаев, арбада отырып би билеу республикалық байқауларының жеңімпазы, халықаралық байқаудың лауреаты Қайрат Нұғмановқа облыс әкімі Ғали Есқалиевтың алғыс хаттары табыс етілді. Жыл бойына бұқаралық спортты дамытуға және қолдау білдірген жандар да облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен және 20 аталым бойынша түрлі аталымдармен барлығы 50-ге жуық адам марапатқа ие болды.

-«Мен спорт саласындағы жетістіктеріме қуанып, қолдау білдірген жерлестеріме алғысымды білдіремін. Болашақта мемлекетіміздің атын әлемдік додаларда шығарып, көк байрағымызды көтеруге бар күш-жігерімді саламын» ,- дейді Қазақстан Республикасының кубогі үшін қазақ күресінен өткен жарыста І орын иегері атанған, спорт шебері Әйгерім Маратқызы.

Ал аудан өнерпаздары әдемі кештің шырайын кіргізіп, мерекелік концерт ұсынды.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале