31.10.2019, 17:05
Оқылды: 33

Шыңғырлауда су қоймасына шабақтар жіберілді

Шыңғырлау ауданында жыл сайын Елек өзені арнасынан асып, көлдер мен өзектерге құйылған сәтте өзен арнасында мыңдаған шабақ қалып қояды. Ал су тартылғанда уақ балықтардың қырылып қалу қаупі күшейеді.

shabaq (1)

Сол себепті, жуырда Движок су айдынында «Балық шабақтарын қорғау» шарасы ұйымдастырылды. Шараға «Гефест» шаруа қожалығы басшысы А.Рудь жұмысшыларымен және ауданның бір топ табиғат жанашыры қатысты.

Акцияның мақсаты – балық шабақтарының қырылуына жол бермеу. Ұйымдастырушылар шабақтарды қолмен арнайы бір кубтық екі бөшкеге жинақтады. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 1700-2300 балық шабағы (мөңке, қарабалық, жайын) құтқарылып, Жаңакүш су қоймасына жіберілді.

Тартылған және құрғап жатқан су айдындары мен тоғандардағы құтқару жұмыстары ауданда тұрақты түрде жүргізілуде.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале