15.08.2024, 9:15
Оқылды: 157

Шыңғырлауда «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүріп жатыр

Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қазақстандықтар белсене атсалысып жатыр. Апта сайын әр түрлі бағытта сенбіліктер өткізіліп, тазалау, абаттандыру, көгалдандыру шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.

52369924-11F7-4E2C-8B61-F1902B020679

Республикалық акция аясында Шыңғырлау ауданында да тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы сенбілікте аудан аумағындағы су нысандарының жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында «Таза жағалау» шарасы іске асырылды.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан игі іске атсалысқан бірқатар мекеме, бөлім қызметкерлерінің тиянақты жұмысының арқасында Қонақай, Движок көлдері, Елек, Ащы өзендері мен Жаңакүш су платинасы жағалаулары бір тазарып қалды.

43B7A3B2-114A-4666-92D1-61A52389BB42

Осындай аудан игілігіне бағытталған шараларда белсенділік танытып, тұрақты түрде қатысатын қызметкерлерге, тұрғындарға қашан да зор алғыс.

Алдағы уақытта қандай да бір ізгі іске шыңғырлаулықтар бір кісідей атсалысса нұр үстіне нұр болар еді. Илегеніміз бір терінің пұшпағы болғандықтан, ортақ мақсатымыз – ел игілігі үшін жұдырықтай жұмылсақ, көшіміз тек алға баса бермек.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале