Warning: session_start(): open(/tmp/sess_02pdmfevbcergognnsg9d0ucf4, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Шыңғырлауда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда - официальные новости ЗКО
19.04.2024, 11:43
Оқылды: 113

Шыңғырлауда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Тазалық - табиғат сәні, көкорай - көшенің көркі. Көктеммен бірге ауыл-аудан көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізу науқаны бастау алады.

439253772_1850588132019613_4684357484019184810_n

Жұрт жұмылып үй-жайларының айналасын қолға алса, бөлімдер мен мекемелер ұжымдары әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындар тазалығын бастап кетті. Шыңғырлау ауданы орталығындағы мәдени-демалыс саябағында сенбілік өткізіліп, оған барлық мекеме-бөлімдер атсалысты. Саябақ ішінен әрбір ұжымға тазалау телімдері беріліп, ортақ іске күш біріктірген көпшілік саябақтың ескі шөбін шауып, қысқы қоқыстарды жинастырып шығарып тастап, теректер түбін қопсытып шықты.

438085789_1850587905352969_4810262664680437566_n

Көп біріксе күш емес пе, тез жинастырылған қоқыс бірден тіркемелерге тиеліп, шығарылып тасталды. Саябақ іші жасаңғырап, көктем исі кеудені толтырды. Көпшілік көңілді қалыпта сенбілікті тиянақты аяқтады.

439292904_1850587668686326_4218937883827017869_n

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале