Ұлттығымыздың, тәуелсіздігіміздің, мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың белгісі – ұлттық киімдеріміз. Наурыз мерекесіне орай 18-наурыз – «Ұлттық киім» күні Шыңғырлау ауданында ауқымды тойланды. Бүгін барлық мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары ұлттық киімді киіп, осы күнді атап өтті.
Осы ай басынан бастап мектептерде оқушылар киіміне ұлттық стильде кәжекейлер қосылған болатын. Бөбекжайлар да бүлдіршіндеріне қазақы нақыштағы киімдер кигізіп, бүгінгі күнді әдемі өткізді. Бұл ұлттық киімдерімізге деген көзқарасты жаңартып, ерекшеліктерін сездірген күн болды.
«Наурызнама» онкүндігінің бесінші күні осылай тойланды. Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматы ұлттығымызды нығайтып, құндылықтарымызды көтеретін тамаша бастама болғаны сөзсіз!
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы