3.06.2024, 16:00
Оқылды: 34

Шыңғырлауда «WorldSkills ORAL-2024» өңірлік чемпионаты өтті

Шыңғырлау колледжінде кәсіптік бағдар беріп, мамандыққа үйрету бағытындағы «WorldSkills ORAL-2024» өңірлік чемпионаты өтті.

E5A84A62-5FE0-41D0-829C-8421E73FB9CF

Аталмыш бәсеке «Кірпіш қалау» бағыты бойынша өтіп, оған облыс орталығынан Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Орал политехникалық колледжі, Тасқала колледжі және Шыңғырлау колледжі студенттері қатысты.

Бұл чемпионат жыл сайын кәсіптік колледждер бойынша өтіп тұратын жарыс. Яғни, мамандық беруде алдыңғы қатарлы оқу орындарын және мамандығы бойынша ең үздік студенттерді анықтау мақсатында өтеді.

3C71CE0E-E784-4D04-B7D2-5F31D9EEAB01

Ал,  «Worldskills» – мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Бұл қозғалыс әлем бойынша жүріп жатыр. Бұған әлемнің 84 елі біріккен.

3506276A-1C0D-4645-B2BE-6392634C0F2B

Студенттердің біліктілігі, өзіне сенімділігі, ісіне жауаптылығы сыналатын жарыс өзге де екі ауданда өтіп, алдағы уақытта нәтижесі шығарылатын болады.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале