17.09.2024, 14:45
Оқылды: 188

Шыңғырлауда халықтық штаб мүшелері жастармен кездесті

Шыңғырлау ауданында референдум қарсаңында халықпен жүздесу жұмысы қарқынды. Елімізде АЭС салудың тарихи маңызы, мемлекетіміздің саясатын қолдау бағытындағы кездесулер әр сала өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылып жатыр.

66AF802F-47FA-4FCD-A9EA-820DE65780EF

Жуырда кезекті жүздесуді аудандық халықтық штаб мүшелері Сағидолла Тұрғалиев және Азамат Тағаниязов жастар практикасы бойынша еңбек етіп жүрген жастармен өткізді.

Штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде, АЭС салу жөніндегі халықтық референдум бойынша ой бөлісе отырып, елімізде АЭС салудың маңыздылығын сайлаушыларға қарапайым тілмен түсіндірді. 

Жиынға қатысушылардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берілді. Штаб мүшелері 6 қазан күні өтетін референдумға үн қосуға шақырды.  

Ал шараға қатысушылар болса, Мемлекет басшысының АЭС салу елдің экономикасы мен әлеуетін көтерудегі ең маңызды қадам болмақ деген сөзін басшылыққа ала отырып, референдумға қатысатындықтарын айтты.

Назым Айқын      

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале