21.09.2023, 21:21
Оқылды: 173

Шыңғырлауда заманауи спорт алаңы ашылды

Шыңғырлау ауданындағы темір жолдың арғы бетінде орналасқан шағын ауданда да түтін түтетіп, өз шаруашылықтарын дөңгелетіп отырған халық бар. Осы аумақтағы тұрғындардың қолы бос уақытта салауатты өмір салтын ұстануы үшін ыңғайлы спорт орны жоқтығы көптен білініп жүрген-тұғын. Енді, міне, осы маңдағы жұртшылық үшін жаңа спорт алаңы бой көтерді. Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа атыраулық «Диас Холдинг» жеке кәсіпкерлігі (басшысы Е.Сапаров) заманауи, көргеннің көзін тартатын жаңа спорт алаңын салып бітірді.

DSC_1068

Бүгін осы ашылу салтанатына жиналған шағын аудан халқы тағы да бір игі істің куәсі болды. Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, спорт ардагерлері Ә.Саматов пен Е. Евстифеев құттықтау сөз сөйледі.

DSC_1019

Жастар үшін, тіпті үлкендерге де ыңғайлы спорт алаңы ендігі жерде бос тұрмай, тұрғындар өз денсаулығын жақсартып, түрлі спорттық ойындарды өткізуге мүмкіндік береді. Осының дәлелі ретінде алаңда шағын футболдан жарыс өткізіліп жатты. Шара соңында аудан басшысы Мұрат Амангелдіұлы шағын аудан тұрғындарына заманауи спорт алаңын салған жеке кәсіпкер Е.Сапаровқа алғысхат табыс етті.

DSC_1006

Бұл спорт алаңының ашылуы Шыңғырлау ауданының құрылғанына 95 жыл толу қарсаңындағы мерекелік тарту болғандығында сөз жоқ.

                                                                            Гүлшат Ботанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале