13.11.2025, 15:15
Оқылды: 290

Шыңғырлауда жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округінің кірме және ауылішілік көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

image-13-11-25-11-53-2

Бүгінгі таңда Алмаз ауылында және ауылдық округке қарасты елді мекендерде жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауылдағы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстарының мақсаты тұрғындар қауіпсіздігі мен өңірдің орнықты дамуын арттыру. Мердігер мекеме – «Қалдығайта» ЖШС-і. Жобаға сәйкес Алмаз ауылы, Сегізсай және Аққұдық елді мекендерінде ескі электр бағаналары мен сымдары ауыстырылып жатыр. Алмаз ауылының ішінде 8,5 шақырымға 320 электр бағаналары, Аққұдық елді мекенінде 3 шақырымға 122 электр бағаналары, Сегізсай елді мекенінде 4 шақырымға 144 электр бағаналары, Алмаз ауылы мен Сегізсай елді мекенінің арасындағы 22 шақырымға 400 электр бағаналары жаңартылуда. Жұмылдырылған техника саны - 9 және жұмыстың басы қасында 20 ға жуық мамандар еңбек етуде.

image-13-11-25-11-53-5

Ауыл тұрғындары үшін бұл — көптен күткен жаңалық. Себебі, тозығы жеткен электр желілері соңғы жылдары жиі жарықтың өшуіне, тұрмыстық техникалардың бұзылуына себеп болған еді. Енді бұл мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр.

Ауыл әкімі Самат Абылайұлы өз сөзінде:

— Жарық бүгінгі күннің басты қажеттілігі. Электр энергиясының тұрақты берілуі тұрғындардың қауіпсіздігі мен тұрмыстық жағдайына тікелей әсер етеді. Қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстар – халық игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Жаңарған желілер мен берік бағаналар ауылымыздағы өмір сапасын арттыратыны сөзсіз, - деп атап өтті.

image-13-11-25-11-53-1

Аталған жұмыстар аяқталған соң, ауылдағы электр желісінің сапасы артып, жиі жарықсыз қалу мәселесі жойылады деп күтілуде. Халық үшін маңызы зор бұл бастама ел үмітін ақтап, ауыл өміріне серпін берері анық.

 

С.Өсәлім,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале