«Zhas Project» жобасы аясында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы және Шыңғырлау ауданының грант иегерлері үшін Шыңғырлау ауданында 4 күндік тренинг ұйымдастырылды.
Оқу барысында қатысушылар өздерін жаңа қырларынан көрсетіп, болашақ кәсіпкерлерге сай жаңа қадамдар жасады. Жобаның алғашқы көрінісі ретінде 9 жоба қатысушылары бірігіп, аудандық қарттар үйіне көмек қолдарын созды. Қариялар жастарға өз баталарын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жұмыссыз жастардың үздік әлеуметтік жобаларын сынға салатын гранттық конкурсқа осы уақытқа дейін 5508 жас қатысып, 1616 бірлескен жоба жеңімпаз болған. Яғни, осыншама жұмыссыз жас өз кәсібін бастап, бүгінде еңбегінің жемісін жеп отыр. «Zhas Project»-тің ең тиімді тұсы сол, әр жобаға миллион теңгеден қайтарымсыз қаражат және әр қатысушыға алты ай бойы 40-60 мың теңгеден шәкіртақы беріледі.
Г. Көбеш
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz