4.07.2024, 9:01
Оқылды: 181

Шыңғырлауда «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы ашылды

Шыңғырлау ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы ашылды. Асан Қайғы алаңында өткен салтанатты шараға қатысқан Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Саида Біркенова, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ директоры Нұрлыбек Қайыржанов  жас сарбаздарды құттықтап, еңбек жолдарына сәттілік тіледі.

7BD792A6-9610-4DA7-A517-927FDC1CA60F

Осы жылы «Жасыл ел» еңбек жасағы екі кезеңге бөлініп, барлығы 90 сарбаз жұмыспен қамтылмақ.   Бірінші кезеңде 1 шілдеден 31 шілдеге дейін 55 сарбаз еңбек етсе, екінші кезеңде 1 тамыз бен 31 шілдеге дейін 35 жас сарбаз жұмыспен қамтылмақ.

«Жасыл ел» еңбек жасағына студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары қабылданып отыр. Олар туып-өскен ауылдарының абаттануына, көркеюіне өз үлестерін қосып қана қоймай, өздері табыс тауып, жазғы уақыттарын тиімді өткізбек.

Анар Қалиева

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале