Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өміралиев жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне Еркебұлан Мирасұлын тағайындады.

Тағайындау тиісті өкімге сәйкес жүзеге асырылды. Жаңа басшыға жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бағытында нәтижелі еңбек етеді деген сенім білдірілді.
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы