20.12.2020, 14:37
Оқылды: 20

Шыңғырлаудағы «Берекелі жұма» акциясы

Шыңғырлау аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Дулат Мақатов пен «BIRLIK» еріктілер тобының мүшелері Нұркен Жұмағалиев пен Мейрамбек Уәли ауданымызға келіп, мешітте «Берекелі жұма» акциясын өткізді.

Қайырымдылық мешіт (5)

Ізгі шараны ұйымдастырушылар ауданымыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 отбасыға 120 мың теңге қаражатқа азық-түлік дорбасын және 30 мың теңге қаражатқа 20 жанұяға аудандық «Серпін» газетіне 6 айға жазылым түбіртегін сыйға тартты. Қайырымды жандардың жүректен жүрекке жеткен бұл шарасы көпшілікті толқытып қана қоймай, сонымен бірге аудандық басылымды алып оқуға мүмкіндік сыйлаған рухани қолдаулары мейлінше тәнті етті.

IMG_7276

- Шын мәнісінде көмекке мұқтаж жандарды қуанту үшін көп нәрсенің керегі жоқ. Жарқын жүз бен жүрекке жетер жылы сөз де қамыққан көңілге жұбаныш, ауырғанға шипа. Бүгінгідей әлемді дерт жайлаған қиын кезең адамдардың бір-біріне деген көңілдерінің риясыз ашық болуына, мейірімді де әрі көңілдерінің риясыз таза болуына үндеп тұрғандай. Амалдардың ең ізгісі – мұқтаж жандарға қолұшын созу және садақа беру болып табылады. Біздің де басты мақсатымыз – облыс көлеміндегі табысы төмен отбасыларға көмек қолын созу, қуаныш  сыйлау, ертеңгі күнге деген сенімдерін бекіту, -дейді Дулат Мақатов.

Бұған дейін де Сырым және Жаңақала аудандарына атбасын бұрған еріктілер осындай үрдісті өзге де аудандарда жалғастырмақ.

                                                                          Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале