Шыңғырлау ауданы экономикасының басым бағыттарының бірі - мал шаруашылығы саласы.
Ауданға облыста 2023-2024 жылдары мал қыстақтарының өткізілуі бойынша құрылған штаб мүшелері ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Утаралиев және аталған мекеменің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Р.Қайрлиев, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының өсімдік қорғау бөлімінің басшысы Е.Құрмашев жұмыс сапарымен келіп, аудандағы қыстақтардың өту барысымен танысты.
Ауданға келген облыстық штаб мүшелерін қарсы алған аудан әкімінің орынбасары, аудандық штаб төрағасы Азамат Бисембаев аудан бойынша қыстақтардың өту барысын баяндап, Ақбұлақ ауылдық округіндегі «Erqanat Group» ЖШС бірге аралады. Сондай-ақ Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Байтенова мал шаруашылығының қыс кезіндегі жай-күйі және ауылда жұмыс жасап тұрған 38 шаруа қожалығы туралы ақпараттармен таныстырды.
Мал ұстаған ағайын қардың еріп, күннің жылынуын, малдың өріске шығуын, төрт түліктің аузы көкке тигенін күтіп отырғаны анық.
Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz