11.07.2024, 13:00
Оқылды: 224

Шыңғырлауға «Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы келді

Жол үстіндегі медициналық жәрдем «Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы Шыңғырлау ауданы тұрғындарына қызмет көрсетті. Денсаулығының кінәраты бар тұрғындар білікті дәрігерлер қабылдауында болып, жедел ем-дом, дәрігерлік кеңестер алды.

50A0DA1E-5EF0-4BC0-A8BF-4394F503DC9F

Денсаулық пойызының жұмысы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бастамасы мен қолдауының арқасында мүмкін болды.

Аудан орталығында екі күн қабылдау жүргізген дәрігерлер пойызы бұдан бұрын Амангелді ауылында 1 күн кідіріп, тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетті.

799DD96A-2DFE-42C4-BB59-5B3493D42AFC

Бұған дейін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында боп келген аталмыш пойыз 1 мамырда Астана қаласынан шыққан, биылғы су тасқынына байланысты бірінші кезекте жол тартқан Батыс өңіріне қызмет көрсетуді осы Шыңғырлау стансасымен аяқтамақ. Бұдан әрі Қостанай, басқа да облыстарға көмек көрсетіледі. Демалыссыз жұмыс жасап келе жатқан дәрігерлік жәрдем пойызы бүгінге дейін 23 мыңнан аса халықты қабылдаған.

7D0DBC63-8162-4E78-B889-AE258EEE7625

– Орал аймағында көз дәрігеріне, кардиологқа, ультрадыбыстық зерттеу аппаратына, стомотологқа қабылдау көп болды. Сондай-ақ, психолог маманға келушілер көп болды. Көпшілікті осы пойызда қабылдап, шұғыл қажеттілік болған жағдайда ем де жасап жіберіп жатырмыз, мүмкіндігі шектеулі немесе тұрып- жүре алмайтын жағдайдағыларға, су тасқыны кесірінен әлі мектепте тұрып жатқан адамдар болды, соларға, сонымен қатар психолог маманның сұрауы бойынша науқастардың үйіне де барып қызмет көрсеткен жағдайлар болды. Бізде 2 бригада бар, бірі – пойызда, екіншісі осындай сәттерде барып, кімге қандай маман көмегі керегін анықтап, көмек көрсетуге жұмыс жасады. Бізде сенбі, жексенбі демалыс күндері деген жоқ, тоқтаусыз жұмыс жасап келеміз. Тексеру, диагноз қоюмен қатар, осыған дейін алып жүрген ем-домын, дәрі-дәрмегін реттеп беру, қажетті дәрілерді қосымша анықтап, нақтылап беру қызметін де көрсетіп келеміз. Біздегі мамандардың барлығы Астанадан, еңбек өтілдері 5 жылдан кем емес, яғни 12, 15, 18, 20 жылдан аса еңбек өтілі бар, жоғары санатты мамандар.

Тұрғындарға терапевт, хирург, невропатолог, офтальмолог, окулист, ЛОР, акушер-гинеколог, стоматолог, кардиолог, психолог, педиатр, травматолог, уролог, жалпы тәжірибелік дәрігер, лабороториямыз бар, маммография, эхоэнцелография, электрокардиограмма мамандарының көмегіне жүгіну мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар ЭКГ, УЗИ, рентгенография арқылы ағзаларын тексертіп, лабораторияда түрлі сараптамалық талдаулар жасата да алмақ, - дейді пойыз жетекшісі Айнұр Егінбаева.

Пойыз өз қызметін желтоқсан айында Астана қаласында аяқтайды, яғни, әлдебір себептермен қарала алмаған тұрғындар пойыз бағытын анықтап, кез келген қала-ауданнан барып қарала алады. Ескеретін бір жәйт, тұрғындар өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруды ұмытпағандары жөн.

A3B8AA1E-68BA-4FFD-89DA-7CE3DB0C98D2

A850110C-F71E-4431-B0B7-FA97B77254FB

Саламатты Қаз ЖП
Қаршыға Елемесов

Шыңғырау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале