Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтің 2025 жылдың 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес, көп балалы аналар Ляззат Асаубаева мен Альбина Есетбаеваға "Күміс алқа" мемлекеттік наградасын тапсырды.

Салтанатты шарада аудан әкімі «Сіздерге еліміздің демографиясының өсуіне, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Кімнің де болсын өмірдегі ең бір жанашыры, шынайы қамқоршысы-анасы. Ендеше осынау ұлы есімді үлкен жауапкершілікпен арқалап, бала тәрбиесінде үлкен үлестеріңізді қосып жүрген өздеріңізге алғыс айтамын. Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Марапаттарыңыз құтты болсын», деп құттықтауын жеткізді.
Өз кезегінде марапат иегерлері де ризашылықтарын білдірді.
С.Әділ,
Шыңғырлау ауданы