Бөрлі аудандық демалу орталығында ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған «Қайран біздің әжелер арды ойлаған» атты облыстық әжелер ансамблдері байқауының іріктеу кезеңі өтті.
Байқауда Бөрлі аудандық демалу орталығы жанынан құрылған «Ақ жаулықты әжелер» және шыңғырлаулық «Елім-ай» әжелер ансамблі өнерлерін ортаға салды.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша, Шыңғырлау ауданының намысын қорғап келген «Елім-ай» әжелер ансамблі жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алды.
Ұлдай Таңбайқызы
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz