23.07.2025, 9:00
Оқылды: 204

Шыңғырлаулық балалар театр сырына қанықты

Лагерьде сахналық қойылым көрсетілді

Шыңғырлауда балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі тәрбиелік мәнге толы өткізу мақсатында аудандық мәдени-демалыс орталығының халықтық "Шаңырақ" театрының жетекшісі Арслан Задыгеров «Арай» жазғы лагеріндегі балалармен кездесу ұйымдастырып, шағын сахналық қойылымдар көрсетті.

лагерь (1)

Кездесу барысында балаларға театр әлемі, актерлік шеберлік, сахна мәдениеті туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, қатысушылар түрлі қойылым кейіпкерлерімен тікелей араласты. Бұл — балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, рухани байытуға бағытталған әсерлі шара болды.

Театр жетекшісі А.Задыгеров: «Біз үшін бала санасына ізгілік пен мейірімділік дәнін себу – басты мақсат. Театр қойылымдары арқылы жақсы мен жаманның ара-жігін ажыратуды, адамгершілік пен достықты насихаттауды көздейміз. Осындай кездесулер жиі өтеді»,– деді.

лагерь1 (1)

Бұл балалар үшін тәрбиелік мәні зор кездесу болды. Театр – тек өнер емес, өмір мектебі екеніне көзіміз жетті.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуіне ғана емес, рухани әлемінің дамуына да оң ықпалын тигізері сөзсіз.

                                                                                                                                                                   М.Сәдір,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале